Иранда 60 жолаушысы бар ұшақ құлады

Иранда 60 жолаушысы бар ұшақ құлады

Иранда 60 жолаушысы бар ұшақ құлады
ашық дереккөзі
Иранның Исфахан провинциясында бортында 66 адам болған жолаушылар ұшағы құлады, Бұл туралы РИА Новости хабарлады. 
Ұшақ Тегеран-Ясудж рейсін орындаған. Иран ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің басшысы Алаэддин Боруджердидің ақпаратынша, ұшақта 60 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі болған. Өздеріне тиесілі жолаушылар ұшағының апатқа ұшырағанын ирандық Aseman Airlines компаниясы да растады. Press TV телеарнасы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлағандай, бірнеше куәгер лайнердің фермалар ауданында шұғыл қонбақ болғанын көріпті. Куәгерлердің бірқатары әуе кемесіндегі бірнеше адам тірі қалған болуы мүмкін дейді. Телеарна ақпаратына сүйенсек, ауа райының қолайсыздығынан Иран құтқару қызметінің тікұшағы ұшақ құлаған жерге жете алмаған. Ресми билік жолаушылар ұшағының Исфахан қаласынан оңтүстікке қарай, Дена тау жотасы аумағында құлағанын растады.