Шетелде қылмыс жасаған 62 қазақстандық елімізге экстрадицияланды

Шетелде қылмыс жасаған 62 қазақстандық елімізге экстрадицияланды

Шетелде қылмыс жасаған 62 қазақстандық елімізге экстрадицияланды
ашық дереккөзі
363
Өткен жылы шет мемлекеттердің құзырлы органдарының сұрауы бойынша Қазақстан аумағынан 100-ден астам адам ұсталып, шетелге экстрадицияланды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат. «2017 жылдың ішінде шет мемлекеттерден Қазақстан Республикасына 62 адам экстрадицияланды. Шет елдердің құзырлы органдарының сұрауы бойынша 110 адам берілді», - деп атап өтілген Бас прокуратураның мәліметінде. Бұдан бөлек, Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты соңғы сот үкімі шыққаннан кейін тиісті құқықтық шараларды іске асыруға болатынын хабарлады. «Қазақстан Республикасының азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбай сот шешімімен Қытай аумағында бас бостандығынан айырылған жағдайда, Қазақстан мен ҚХР арасындағы 2011 жылғы 22 ақпандағы Сотталғандарды беру туралы шартқа сәйкес, қалған мерзімді елімізде өтеу үшін оны елге қайтару мүмкіндігі бар», - делінген берілген жауапта. Бұдан бұрын хабарланғандай, Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша соңғы сот үкімі 2017 жылдың аяғына дейін шығатыны мәлім болған еді. Алайда кейіннен сот үкімі ақпанда жария етілетіні туралы ақпарат тарады. Айта кету керек, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурызында Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Қыздың сөмкесінен 4,5 келі амфетамин табылған. Анасының айтуынша, киім сатып алуға кеткен Ақжарқынға біреулер есірткі салып жіберген. 2016 жылдың 2 қарашасынан бастап ҚХР Гуандун провинциясының соты Ақжарқын ісін қайта қарап жатыр.  

Серіктес жаңалықтары