Олимпиада-2018: Үздік бестік әзірге өзгеріссіз

Олимпиада-2018: Үздік бестік әзірге өзгеріссіз

Олимпиада-2018: Үздік бестік әзірге өзгеріссіз
ашық дереккөзі
Пхенчханда өтіп жатқан қысқы Олимпиадада жалпы командалық есеп бойынша алда келе жатқан елдер тізімі әзірге өзгеріссіз. Үздік бес мемлекеттің көшін Германия бастап тұр. Неміс спортшыларының еншісінде 9 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль бар. Екінші орынға 6 «алтын», 8 «күміс» және 5 «қоламен» норвегиялықтар орналасып отыр. Ал 6 алтын, 5 күміс және 3 қола медальдары бар Нидерланды құрамасы әзірге үшінші орында. АҚШ спортшылары төртінші келеді, олардың еншісінде 5 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлде бар. ТОП-бестікті осы уақытқа дейін 4 «алтын», 5 «күміс» және 4 «қола» жеңіп алған Канада елі түйіндеп тұр. Ал 21-орынға орналасып отырған Қазақстан құрамасында әзірге бір қола медаль бар. Жалғыз жүлдені ел қоржынына 11 ақпан күні фристайлшы Юлия Галышева салған болатын. Айта кетейік, 9 ақпанда алауы тұтанған Ақ Олимпиада ойындарына Қазақстан спортшылары 57 жолдама жеңіп алған болатын. Олар спорттың 9 түрінен ел намысын қорғап жатыр. Олимпиада 25 ақпанда аяқталады.