Дос Көшім: Қазақстанның заңдары Қытайдың иероглифтері сияқты
Дос Көшім: Қазақстанның заңдары Қытайдың иероглифтері сияқты
"Мораторий не үшін жарияланды? Мораторий заңды өзгертуге, қабылдауға жарияланған жоқ, заңды қолдануға жарияланды. Сонда біз бес жылдың ішінде нені күтіп отырмыз. Бізге не бөгет болып отыр? Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мүмкіндік берілді екен, неге біз сонда мораторий жариялаған баптардың бәрін өзгертпейміз? 5 жыл бойы құр отырып, бес жыл біткеннен кейін өзгертеміз дейміз бе?! Бұл сұрақ менің ойымша ең маңызды мәселе. Егер заңды өзгерту туралы мәселе туындап отырса, неге бес жыл бойы күтуіміз керек? Осы мәселе мен үшін түсініксіз", — деді Көшім.
Саясаттанушы осы ретте Қазақстанның заңдарын адам ұғына алмайтын Қытайдың иероглифтеріне теңеді. Айтуынша, біздің заңды түсіну үшін тағы бес институт, бес жүз заңгер керек."Заң толық болу керек, толық баға берілу керек. Жаңағы халықтың көтеріліп, көшеге шыққан екі негізгі мәселесі шешілмей тұрған уақытта бұл заңға мен баға бере алмаймын. Барлық денесі бар, басы жоқ, жүрегі мен жаны жоқ. Жайылымдық жер, шекара аймақтарындағы мәселе, жерді бөлу кезіндегі оның ашықтығы мен жариялығы – мұның бәрі кірген, тамаша. Жүз пайыз қолдау мүмкін емес. Заң әркімге бірдей тең келмейді",- деді ол.
"Бірақ егер заң толық болмаса, бұл айқай, сенімсіздік әлі күнге дейін қалады. Бір ғана үмітім бар, Құдайға шүкір Қазақстанда көше бар, 70 пайыздай қазақ бар", — деп түйіндеді сөзін саясаттанушы.