396
Қатерлі ісікке шалдықтыру қаупі жоғары өнімдер анықталды
Қатерлі ісікке шалдықтыру қаупі жоғары өнімдер анықталды
Жоғары деңгейде өңделген азық-түліктерді тұтыну мен онкологиялық аурулардың дамуы арасындағы байланыс бар ма? Бұл сауалға Франция мен Бразилиядағы ғалымдар тобы жауап іздеді. Бұл туралы MedicalXpress сайтына сілтеме жасап Риа Новости хабарлады.
Ұннан жасалған тағамдар, газдалған сусындар, қант себілген жүгері қауызы, жартылай фабрикаттар мен қалпына келтірілген ет өнімдері «ультраөңделген» болып саналады. Мұндай тағамдар қант, май, тұздың көп мөлшерде қосылып, дәрумендерінің аздығымен ерекшеленеді.
Ғалымдар осындай өнімдерді тұтыну арқылы сүт безі мен ішек ісігін тудыру қаупін сараптаған. Олар 43 жастағы 104 980 әйел мен ер адамдардың қатысуымен зерттеу жұмысын жасады. Оларға ең азы 24 сағаттық онлайн-анкета толтыру ұсынылып, сұрақтар 3300 түрлі тұтыну тағамына қатысты болды. Сондай-ақ, ғалымдар зерттеу жұмысына қатысушылардың жасын, жынысын, білім деңгейін, онкологиялық ауруларға бейімділігін, жаман әдеттері мен физикалық белсенділігін ескерді.
Зерттеу нәтижесінде мамандар жоғары деңгейде өңделген азық-түліктерді тұтыну онкологиялық ауруға шалдығуға 12 пайыз әсер ететінін анықтады.