Олимпиада-2018: Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар

Олимпиада-2018: Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар

Олимпиада-2018: Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар
ашық дереккөзі
Бүгін, 16 ақпанда Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада Қазақстан спортшыларынан  кімдер өнер көрсетеді? 
Резервте тұрған алғашқы күнді тау шаңғысына беруге тура келді, себебі кейінге шегеріле бергендіктен сайыстың бағдарламасы өзгеріп кетті. Сондықтан бұл спорттың бірден екі түрлі сайысы өтеді. Слаломда Мария Григорова соңғы рет жарыс жолына шықса, Игорь Закурдаев супергигантта өнер көрсетеді. 2014 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тен жүлде үшін жаңа сапарын бастайды. Ерлер арасындағы жекелей сында қысқа бағдарлама өтеді. Қазақстандық шаңғышылар Виталий Пухкало мен Денис Волотка 15 шақырымдық жарысқа қатысады. Сергей Ткаченко трамплиннен секіруде негізгі сайысқа өту үшін тағы бір іріктеуге қатысады. Бұл жолы үлкен трамплин жарысы.