Жаңа әліпби әлем қазақтарын біріктіреді

Жаңа әліпби әлем қазақтарын біріктіреді

Жаңа әліпби  әлем қазақтарын  біріктіреді
ашық дереккөзі
«Нұр Отан» партиясының Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық филиалында мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру мәселесіне арналған кездесу өтті. Іс-шараға аудандық филиалдың қызметкерлері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Жиында латын әліпбиінің әлемдік қауымдастықта аясы өте кең екені айтылды. Сондай-ақ, латын графикасы қазіргі заманғы технологиялық ортаның, бағдарламалаудың және инфокоммуникациялық технологиялардың барлық тілдерінің символдық негізі екені де сөз болды. – Әлемде инновациялардың, ғылыми жаңалықтар мен білім беру әдебиетінің басым көпшілігі ағылшын тілінде жарияланады. Ағылшын әліпбиінің негізінде латын қарпіне көшу қазақ тілінің жаңа эволюциялық кезеңі деп есептеймін және үш тұғырлы міндетті шешеді, – деді партияның Ақтоғай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Төлеген Таукеев. Сонымен қатар, қатысушылар латын қарпі бізді ағылшынтілді әлемге жақындастырып, аталған тілді жаппай үйренуге қолайлы жағдай тудыратынына да назар аударды. Одан бөлек, латын әліпбиі ғылым мен техниканың ең заманауи жетістіктерінің қолжетімділігі үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Әлемнің қырықтан аса мемлекетінде тұратын қазақтардың басын біріктіруде де бұл бастаманың маңызы зор. Қазақ тілінің бәсекеге қабілеттілігі артып, жаңа қарқын, тың серпін алмақ. Осындай игі нәтижелерді ескерген кездесуге қатысушылар латын әліпбиіне көшу идеясын қолдады.