13 Ақпан 2018, 14:47 493 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Түркіменстан билігі ұн тапшылығын жою үшін дәулеттілердің азығын тәркілемек

Түркіменстанның солтүстік аймағының билігі ұн тапшылығын жою үшін жергілікті тұрғындардың артық ұндарын тәркілемек. Бұл туралы Азаттықтың түркімен қызметіне Дашогуз облысының тұрғындары хабарлады. 

"Аймақта қалыптасқан жағдайға байланысты жергілікті билік дәулетті үйлерді тексеріп, ондағы артық ұндарды тәркілеуді қарастырып жатыр", - дейді аты-жөнін жасырған Рухубелент ауданының тұрғыны.

Оның сөздерінше, қазіргі кезде арнайы бақылау комиссиясы тұрғындарды артық азық-түлікті тәркілеу мүмкіндігін қарастырып жатқанын ескерткен.

Былтыр желтоқсан айының басынан бері облыста сауда нүктелерінде ұн біртіндеп жоғалып, азық-түлік қымбаттай бастады.

Жоғарыдағы ақпаратты Конеургенч пен Болдумсаз ауданы тұрғындары да растады.

"Өткен аптада шенеуніктер егер ұн үйлерде сатылатын болса, оларға қарсы қылмыстық іс қозғалынады деп ескертті", - дейді Азаттыққа сұқбат беруші.

Соңғы жаңалықтар