12 Ақпан 2018, 10:13 338 0 Білім Анар ЛЕПЕСОВА

Қарағандыда колледждер біріктіріледі

Қарағанды облысының білім басқармасы аймақтағы колледждердің санын қысқартпақ. Өйткені оларды ұстап тұру мемлекетке тиімсіз, деп жазады 24.kz.

Бірдей мамандықты оқытатын білім ошақтарында үнемі бала саны жетіспейді. Айталық, өңірдегі 73 колледжде 2012 жылы 56 мың студент оқыса, қазір 40 мыңға азайған. Мәселен, экономика және бухгалтерлік есеп мамандығы 18 колледжде, ал техникалық қызмет көрсету және автомобиль транспортын жөндеу мамандығы 30 бірдей колледжде оқытылады екен. «Сондықтан бірін-бірі қайталайтын оқу ордаларын біріктіріп, ықшамдау заман талабы», – дейді білім басқармасындағылар. Биыл Шахтинск қаласындағы екі колледжді қосып, үлкен оқу ордасы ашылмақ. Бұл жоба білім сапасын арттырып, кейін мамандардың жұмысқа орналасуын жеңілдетеді. Ең бастысы, бұл қысқартудан ешкім зардап шекпейді.

«Мамандықтар сақталады. Екі колледжді біріктірген кезде бұл жерде педагогикалық мамандар және студенттер зардап шекпейді деп отырмыз. Өйткені екінші колледж, қайта ұйымдастыру барысында өзінде жоқ мамандықтарға лицензиясын алады. Бұл бойынша біз қазір жұмыстар жүргізіп жатырмыз», - дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлбақыт Жүнісова.

Соңғы жаңалықтар