Олимпиаданың үшінші күні: Қазақстан – 11-орында

Олимпиаданың үшінші күні: Қазақстан – 11-орында

Олимпиаданың үшінші күні: Қазақстан – 11-орында
ашық дереккөзі
303
 ХХIII қысқы Олимпиада ойындарының үшінші күнгі қорытындысы бойынша еліміз 11-орыннан көрінді.  Кеше Фристайлшы Юлия Галышева Қазақстан қоржынына алғашқы қола медальды салды. Соның нәтижесінде Қазақстан Пхенчхан Олимпиадасында медаль алған 11 мемлекеттің тізіміне енді. Әзірше, бірінші орында Германия құрамасы келеді. Олардың еншісінде 3 алтын, 1 қола медаль бар. Екінші орында  Нидерланды елінің спортшылары. Олардың қоржынында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль болса, үздік үштікті түйіндеп тұрған Норвегияда 1 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль бар. 11-інші орында сондай-ақ еншілерінде бір-бір «қоладан» бар Финляндия, Италия және Олимпиада туы астында өнер көрсетіп жатқан ресейлік спортшылар бар. Еске сала кетейік, Олимпиадада  92 елдің спортшылары бақ сынауда.    

Серіктес жаңалықтары