7 Ақпан, 18:08 195 0 Заң Анар ЛЕПЕСОВА

Қарамағындағы қызметкер пара алғаны үшін мекеме басшысы да жазаланады

Бұдан былай  сыбайлас жемқорлыққа барған  қарамағындағы қызметкерлері үшін мекеме басшылары да жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы хабарлады.

Астана әкімдігінде өткен «Астана – адалдық алаңы» жоба тұсаукесерінде бірінші басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру туралы хабарланды. «Астана қаласы әкімдігінің бірінші басшыларының тоқсан сайынғы бағалауына, басшылардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарын бақылау критерийлері енгізілетін болады», – деп мәлімдеді жоба жетекшісі.

Оның айтуынша, бұрынғы кезде жауапкершілікке тек орындаушы тартылатын еді. Алдағы уақытта мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларының осы салада жіберілген олқылықтары үшін жауапкершілігі қарастырылатын болады. Жоба тобымен мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары қызметін бағалау өлшемдері қосымша әзірленеді. Бұл өлшемдер ұжымдағы моральдық-психологиялық климаты жақсартуға, міндеттерді біркелкі бөлу, қызметкерлеріне сыйақы беру, бюджет қаражатын бөлуде және т.б. басшылардың жеке мүдделілігін арттыруға ықпал етеді.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев «Астана – адалдық алаңы» жобасының жарғысына қол қойды.

Соңғы жаңалықтар