Семейде "Абай Арена" бой көтереді

Семейде "Абай Арена" бой көтереді

Семейде "Абай Арена" бой көтереді
ашық дереккөзі
Семей қаласында 5 мың орынға арналған «Абай Арена» мәдени және ойын-сауық спорт кешені бой көтермек. «Фирма «Азия» ЖШС нысанның құрылысына кірісті. Бұл туралы Аltaynews.kz сайты хабарлады. «Абай Арена» Семейде жаңадан салынып жатқан Қарағайлы шағын ауданында бой көтереді. Жаңа ауданның қақ ортасына салынатын ғимарат көлемі жағынан да, сәулеті жағынан да ерекше болады деп күтілуде. Мұнда бүгіннің өзінде «Бәйтерек Девелопмент» АҚ және «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тұрғын үй бағдарламалары бойынша салынған көпқабатты бірнеше үй пайдалануға берілуде. 2018 жылдың соңына дейін көппәтерлі тағы оншақты тұрғын үй іске қосылатыны жоспарлануда. «Егер қазақстандық мамандар үлгермей жатса немесе смета бойынша қаржылары жетпей жатса шетелдік компанияларды тартыңдар», - деді облыс әкімі Даниал Ахметов. Атап өтілгендей, ең әуелі, құрылысшыларға арналған  200 орындық жатақхана салынатын болды. Олар 4 уақыт ыстық тамақпен қамтамасыз етілмек.