Футзалдан Қазақстан құрамасы тарихи жеңіске жетті

Футзалдан Қазақстан құрамасы тарихи жеңіске жетті

Футзалдан Қазақстан құрамасы тарихи жеңіске жетті
ашық дереккөзі
 Словенияда өтіп жатқан құрлық чемпионатының ширек финалында қазақ футболшылары Сербияны 3:1 есебімен ұтты. Қазақстанның футзалдан 2018 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шығуы - қазақ футболының тарихи жеңісі. Бұған дейін Еуропа чемпионаттарының бірде-бір дебютантына екі жыл қатарынан екі рет жартылай финалға шығу бақыты бұйырмаған. Осыған ұқсас нәтижелерімен 1996 және 1999 жылдары өткен алғашқы Еуропа чемпионаттарының жартылай финалдарында өнер көрсеткен Испания, Ресей және Италия құрамалары ғана мақтана алады.Бірақ ол чемпионаттардың арасында үш жылдық үзіліс болған еді. Қазақстан құрамасы жартылай финалда бүгін түнде, Астана уақытымен 02:00-де өтетін Украина-Испания кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.