Елімізде сүт бағасы қымбаттады

Елімізде сүт бағасы қымбаттады

Елімізде сүт бағасы қымбаттады
ашық дереккөзі
Өтке жылы елімізде сүт бағасы 2016 жылмен салыстырғанда 17,4 пайызға қымбаттаған. Energyprom.kz мәліметінше, биылғы жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша қазақстандықтарға шикі сүттің литрі орташа есеппен 199 теңгеге (17,4%-ға өсті), пастерленген сүт 215 теңгеге (+7,8%) түскен. Қаймақ 2017 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 8,5%-ға, килограмы 987,8 теңгеге дейін, сүзбе 8,6%-ға, килограмы 1500,8 теңгеге дейін, сыр 9,4%-ға, килограмы 2232,2 теңгеге дейін қымбаттады. Сары майдың бағасы бір жылда 11,6%-ға, килограмы 1944,8 теңгеге, спред 5,6%-ға, килограмы 829 теңгеге дейін өсті. Сонымен бірге шикі сүттің бағасы жылына 17%, қаймақ, сүзбе және сыр 9%, сары май 12%-ға қымбаттаған. Сүт өнімдерін өндірушілер 240,2 миллиард теңгенің (14%-ға көп) тауарын өндірген. Қымыз өндірісі күрт өсті (бірден +46,3%).