Түркияда тұратын қазақ скрипкашысы Әлім Алмат (Ғалымжан Әбсәләмов) кеше 101 жасқа қараған шағында дүние салды. Бұл туралы Азаттыққа бұл хабарды марқұмның Ақтөбеде тұратын туысы Роман Рахиев хабарлады.
- Бізге хабар бүгін таң алдында келді. Ақтөбеден Стамбулға тікелей рейс болмағандықтан, жаназасына үлгере алмаймын. Сондықтан Әлім Алматтың ұлы Төреге қоңырау шалып, көңіл айттым. Марқұмды ақтық сапарға 3 ақпан күні жөнелтеді, - деді Роман Рахиев.
1917 жылы Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында дүниеге келген Ғалымжан Әбсәламов Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түсіп, Еуропа елдерін паналады. Кейін Түркияға келіп тұрақтаған. Есімі мен тегін де совет үкіметінің қудалауынан сескеніп, сол кезде өзгертеді.