494
АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арасындағы өлім 50 пайызға қысқарды
АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арасындағы өлім 50 пайызға қысқарды
Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингісі бойынша АИТВ инфекциясының таралушылығы төмен елдер тобына кіреді» тақырыбында брифинг өтті.
Брифингке қатысқан мамандар АИТВ инфекциясының таралуы, елімізде аталмыш инфекцияны жұқтырғандар жөнінде деректерді алға тартты.
Бауыржан Байсеркин, ҚР Денсаулық сақтау министрілігі ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтың бас директоры:
– Қазіргі таңда дүние жүзі бойынша 42 миллионнан астам адам АИТВ-мен өмір сүреді. Олардың жартысы қажетті ем алуда. Жыл сайын 2 миллионға жуық жаңа жағдайлар тіркеледі. Әлем бойынша АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың арасында өлім-жітім 50% қысқарды. Қазақстан бойынша қазіргі таңда 20 мың адам АИТВ-мен өмір сүреді. Соңғы 5 жылда АИТВ-ге тексеруден өткен адамдар саны 2,5 есеге артты. Бірақ АИТВ-ны жаңадан тіркеу жағдайы 3 есеге азайған. Сол аурудан болатын өлім-жітім 3,2 есе қысқарды. Қазіргі уақытта АИТВ жұқтырған жүкті әйелдер емді толық қабылдап, өмірге дені сау бала әкелуде.
Айнұр Жандыбаева, Алматы қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының профилактика бөлімінің меңгерушісі:
– Алматы қаласында АИТВ жұқпасының таралу көрсеткіші жалпы халық арасында биыл 21% құрайды. Есірткі тұтынатындардың адамдардың арасында АИТВ жұқпасының алдын алу жұмыстарын жүргізіп келеміз. Біздің қалалық орталықта 2500-ден астам адам диспансерлік есепте тұрады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша қаламызда 2044 адам ретровирустарға қарсы терапияны қабылдап жатыр. Қазақстан АИТВ инфекциясының таралу деңгейі ең төмен мемлекеттер қатарына жатады. Алматыда 750-ге жуық орта және ірі бизнес құрылымдары бар. Жыл сайын ірі сауда орталықтарында, базарларда немесе кәсіпорындарда АИТВ инфекциясына тексеру жүргіземіз. Экспресс әдісінің бір тиімділігі 10-15 минут ішінде нәтижесі дайын болады. Осындай акцияларды жыл сайын жүргізіп тұрамыз.
АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Қазақстан Одағының қызметкері Любовь Чубукова:
– 2004 жылдан бастап АИТВ-мен өмір сүріп жүрмін. 10 жылдай терапия қабылдаймын. Менің қызым бар. Оның дені сау. Адамда уақыт өте стимул азаяды. Осының бәрі Қазақстанда өтіп жатқан іс-шаралардың арқасында. Біз журналистермен бірлесіп тренигтер және кездесулер жүргіземіз. Әсіресе, жастар арасында жұмыс жақсы жүргізіледі. АИТВ теріс диагнозымен неше түрлі адамдар өмір сүреді. Өкінішке қарай, Қазақстанда бизнес өкілдері АИТВ бизнеске кері ықпал етеді деп ойлайды.
Равиль Блатов, «Джонсон @Джонсон» ЖШҚ ҚР бөлімшесінің бөлім бастығы;
– «Джонсон @Джонсон» корпорациясында әлем бойынша кемінде 125 мың адам жұмыс істейді. Корпорацияның 30 жыл тарихы бар. Соңғы жылдар көшбасшы болып келеміз. Қазақстанда АИТВ-ға қартысты бөлек статистиканы көріп отырмыз. Статистика бойынша адамдарды бақылауда ұстап отыр. Сонымен қатар, «Джонсон @Джонсон» компаниясы өзінің ішкі жұмыстарын жүргізіп отырады. Жақында ғана Қазастанның барлық компанияларымен кездестік. Кездесуде тұрақты терапия ала жүріп, АИТВ-мен ауырған жүкті әйелдер өмірге дені сау бала әкеле алатындығы айтылды. Басқа облыстарға қарағанда Шығыс Қазақстан обылысында ең көп мөлшерде АИТВ тіркеледі. Соңғы 3 жылда АИТВ-мен ауырытан жүкті әйелдерде 50-ге жуық дені сау бала өмірге келді. Ешқайсында АИТВ инфекциясы жоқ. Адамдар толыққанды өмір сүріп қалыпты жағдайда жұмыс істей алады. Өмірге дені сау бала әкеле алады. Салық төлеп өз еліне үлесін қоса алады.
Қорыта келгенде, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар оқуға түсу, дені сау бала өмірге әкеліп, толыққанды өмір сүруге мүмкіндігі бар. Олар бір ортада жұмыс істеуі ұжым үшін қауіпті емес. АИТВ тұрмыстық жолмен, ауамен, қол алысқанда, жөтелгенде, көпшілік орындарға барғанда берілмейді.
Назым Тойлыбаева