Пхенчханға баратын спортшылардың ұялы байланысына 30 млн теңге бөлінді

Пхенчханға баратын спортшылардың ұялы байланысына 30 млн теңге бөлінді

Пхенчханға баратын спортшылардың ұялы байланысына 30 млн теңге бөлінді
ашық дереккөзі
363
Пхенчханда өтетін XXIII қысқы Олимпиадаға баратын Қазақстан ұлттық құрамасы мүшелерінің ұялы байланысына 30 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Данияр Әбілғазин мәлімдеді.   «Спортшыларға жеке қолдау ұйымдастырмаймыз. Дегенмен, Ұлттық Олимпиада комитеті тарапынан спортшыларға қосымша іс-сапар шығынынына қаржы бөлінді. Бұл олардың ұялы байланысты пайдаланып, еркін сөйлесулері үшін жасалды. Оған  демеушілердің есебінен шамамен 30 млн теңге бөлінді», – деді Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы. Сонымен қатар ол Олимпиадаға ресми делегация қатарында Үкімет мүшелерінен кімдердің баратынын да айтты. Делегация екі адамдық нөмірге орналасатын болады. «Бізде Мамин (Асқар Мамин – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – авт.) Ұлттық Олимпиада комитетінің  вице-президенті, Қысқы Олимпиада түрлеріне жауап береді. Егер оның жұмыс кестесінде мүмкіншілік болып жатса, онда барып қалар. Мұнан басқа Мәдениет және спорт министрі мен вице-министр, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті барады», – деді Әбілғазин. Оның айтуынша, Олимпиадағы Қазақстаннан 46 спортшы, 30 жаттықтырушы, кешенді-ғылыми топтың 10 маманы барады. Жалпы делегация құрамында 138 адам бар, оның 15-і – журналистер. Данияр Әбілғазин спортшыларымыздың допинг қолдануына жол бермеу бағытында да нақты жмұыстардың жүргізілгендігін айтты. «Ұлттық Олимпиада комитеті Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, допинг пайдалану фактілеріне жол бермеу шараларын қабылдады. Біздің олимпиадалық команданың барлық әлеуетті кандидаттары бірнеше мәрте допинг сынағынан өтті. Әрбір спортшыдан соңғы сынама осы жылдың қаңтар айының басында алынып, Дрездендегі допингке қарсы комитетке жіберілді», – деді комитеттің бас хатшысы.

Серіктес жаңалықтары