251
Ауғанстанда лаңкестердің құрбаны болған отандасымыздың денесі елге жеткізілді
Ауғанстанда лаңкестердің құрбаны болған отандасымыздың денесі елге жеткізілді
Ауғанстанда лаңкестердің құрбаны болған отандасымыз Ерлан Жампейісовтің денесі Қазақстанға жеткізіліп, жер қойнына тапсырылды.
СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовтың айтуынша, марқұмның денесі жұмадан сенбіге қараған түні 27 қаңтарда жеткізіліп, сол күні жерленген. Жайнақов сәрсенбі күні тасымалдауға дайын болған мәйіттің жолда неге кідіргенін де түсіндірді.
Туыстары солай болсын деп сұраған, себебі олар жекеменшік ұшақпен жеткізу жолын тапқан. Артынан анықталғандай, марқұмның туыстары алаяқтарға алданып қалған.
Ербол Жампейісов қаңтардың 20-сы күні Кабулдегі «Интерконтиненталь» қонақ үйінде болған террористік шабуыл кезінде қаза болды. 40 жастағы отандасымыз ауған жерінде телекоммуникация саласында еңбек еткен. Марқұмның артында жары, екі баласы қалды.