Қазақстан құрамасын Қысқы олимпиадаға Арыстанбек Мұхамедиұлы бастап барады

Қазақстан құрамасын Қысқы олимпиадаға Арыстанбек Мұхамедиұлы бастап барады

Қазақстан құрамасын Қысқы олимпиадаға Арыстанбек Мұхамедиұлы бастап барады
ашық дереккөзі
278
Пхенчханда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстанның делегациясын ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бастап бармақ. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Арыстанбек Мұхамедиұлымен бірге Оңтүстік Корея еліне вице-министр Сәкен Мұсайбеков барғалы отыр. Әлем елдерінің 26 жоғары лауазымды тұлғалары Оңтүстік Корея еліне баратыны туралы бұған дейін хабарланған болатын. Оның ішінде Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэ де бар. Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин жоғары лауазымдғы қонақтарды қабылдап, тет-а-тет форматында 14 кездесу өткізбек. Жалпы, Оңтүстік Корея еліне АҚШ вице-президенті Майк Пенс, Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэ, Қытай коммунистік партиясының Саяси бюро комитетінің тұрақты мүшесі Хан Чжэн, Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш, Нидерланды елінің Премьер-Министрі Марк Рютте, Польша Президенті Анджей Дуба, Швецияның Королі Карл мен Королевасы Сильвия барады күтілуде. Сонымен қатар, Словения, Норвегия, Финляндия, Канада, Швейцария, Словакия, Лихтенштейн, Литва, Эстония, Латвия, Люксембург, Дания мен Монаконың өкілдері жоғары дәрежеде таныстырылатын болады. Айта кетсек, 2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында өтеді. Бүгінгі таңда 46 қазақстандық спортшының қысқы спорттың 9 түрі бойынша лицензиясы бар.  

Серіктес жаңалықтары