Президент Трамп иммиграциялық реформаның жоспарын ұсынды

Президент Трамп иммиграциялық реформаның жоспарын ұсынды

Президент Трамп иммиграциялық реформаның жоспарын ұсынды
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Америкаға бала кезінде ата-аналарымен еріп келген 1,8 миллион мигрантты заңдастырудың жоспарын ұсынды. Олар тек 10-12 жылдан кейін басында жұмысы болып, сотталмаған болса, азаматтық алуға арыз бере алады. Бұл жоспардың тағы бір тарауы — Мексикамен шекара бақылауын күшейту және елге келетін иммигранттар көлемін қысқарту. Ақ үй өздері ұсынған заң жобасын ақпан айында сенат бірінші оқылымда-ақ мақұлдайды деп үміттенеді. Құжатта Мексикамен шекарада қоршау тұрғызу үшін 25 миллиард доллар бөлу көзделген. Сонымен бірге Канадамен шекарада өткізу бекеттерін күшейтуді қаржыландыру қарастырылған. Барак Обаманың 700 мың заңсыз иммигрантты депортациялаудан бас тарту туралы жарлығының күші биыл наурыз айында жойылады. Республикашылдар мен демократтар арасындағы талас-тартыс мемлекеттік және бюджеттік мекемелер жұмысының үш күн бойы тоқтап қалуына әкелді. Президенттің бұл бастамасы иммиграциялық мәселені шешуге көмектесуі тиіс деп мәлімдеді сенаттағы республикашыл өкілі Митч Макконел. Бірақ Демократиялық партия президенттің ұсынған заң жобасын сынға алды. Олар президенттің әрекеті отбасын екіге бөлуді көздейді, ал қоршау тұрғызуға бөлінетін қаржы желге ұшқанмен бірдей деді.