Ұлттық банк: Инфляция деңгейін 5-7 пайыз төңірегінде ұстап тұрамыз

Ұлттық банк: Инфляция деңгейін 5-7 пайыз төңірегінде ұстап тұрамыз

Ұлттық банк: Инфляция деңгейін 5-7 пайыз төңірегінде ұстап тұрамыз
ашық дереккөзі
279
2017 жылы Қазақстандағы инфляция деңгейі 7,1% болған. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1,5%-ға төмен. Бағалардың өсу қарқынының баяулауы инфляцияның барлық құрамдас бөліктерінде байқалған. Ұлттық банк болжауынша, инфляция биыл да төмендеуі тиіс. Қаржылық реттеуші 2018 жылы бұл көрсеткішті 5-7% нысаналы дәліз шегінде ұстауды көздеп отыр, деп хабарлайды 24.kz. Өткен жылы Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері алдын ала деректер бойынша 4,7% өсіп, 31,1 миллиард долларға жеткен. Ал базалық мөлшерлеме 9,75% дейін төмендетілді. Былтыр ол 12 пайыз болған еді. Жыл қорытындысын жариялай келе Ұлттық Банк төрағасы былтыр зейнетақы қорынан бір теңге де шашау шықпағанын және зейнетақы төлемдерінің бірде бір рет кешіктірілмегенін айтты. Өткен жылы салымшылардың жинағы 16,4% ұлғайып 7,8 триллион теңгеге жуықтаған. Ал теңге құнының нығаюына келсек, Ұлттық Банк алдағы жылға болжам жасаған жоқ. Бірақ әлемдік тауар нарығындағы жағдайды мұқият бақылап отыруға және асығыс шешім қабылдамауға кеңес берді. "Теңгенің құнына әлемдік нарықтағы мұнай бағасы және бізбен өзара сауда-саттық жасайтын елдердің валюталарының бағамы әсер етеді. 2017 жылдың қараша айынан бастап, қазір де экспортерлердің валюталық табыстарын нарыққа үлкен көлемде сатып жатқанын байқап отырмыз. Олардың ұсыныстары сұраныстан асып тұр. Соның нәтижесінде теңгенің құны нығайып келеді", - дейді  ҚР Ұлттық Банкі төрағасы Данияр Ақышев.  

Серіктес жаңалықтары