Ресейдің оқу бағдарламасына "қауіпсіз селфи" пәні енгізілмек
Ресейдің оқу бағдарламасына "қауіпсіз селфи" пәні енгізілмек
Ресейлік «Қауіпсіздік үшін» қоғамдық ұйымы РФ Білім және ғылым министрлігіне тың ұсыныс жолдады. Белсенділер Ресей мектептерінде қауіпсіз селфи факультативтерін енгізуді сұрайды. Ұйым мүшелері бұл пәнді өз еріктерімен жаңа оқу жылынан басьап оқытуға дайын екендерін айтты. Министрліктің көмегімен олар осы тәжірибені мемлекеттегі барлық мектептерге жаппай енгізуді көздеп отыр. «Біздің сарапшылар бастапқы оқу бағдарламасын әзірлеп қойды», –дейді бастамашылар. Болжам бойынша, тақырыптық пәндерді өткізу үшін оған психологтар, полиция қызметкерлері мен кәсіби фотографтар тартылмақ. Сарапшылар селфи жасаудың қауіпсіз әдістеріне үйретіп, сондай-ақ өз-өзін суретке түсіруге деген құштарлық дертке айналып бара жатқан жағдайда не істеу керектігі туралы кеңес бермекші. Мұндай бастамаға Ресейде емес, жалпы әлем бойынша белең алған селфи жасауға деген құштарлық пен оның қайғылы салдарлары себеп болған. Расында да өзін-өзі суретке түсемін дүниенің әр бұрышында қаншама адам ажал құшты. Пойыздың үстінде селфи жасаймын деп тоққа түскен қыз, тау жиегінде экстрималды суретке түсемін деп құлап өлген жігіт, суретке түсудің қызығына кіріп кетіп, бетон плитаның астында қалып қойған оқушының оқиғасы әлі ұмытыла қойған жоқ. Десе де, бұл қайғылы жағдайлардың ешбірі селфиге құштар жандардың қатарын азайтар емес.