Қожамжаров прокурорларға жолаушылар тасымалдау саласын жіті тексеруді тапсырды

Қожамжаров прокурорларға жолаушылар тасымалдау саласын жіті тексеруді тапсырды

Қожамжаров прокурорларға жолаушылар тасымалдау саласын жіті тексеруді тапсырды
ашық дереккөзі
52 адамның өмірін қиған Ақтөбедегі апаттан кейін Бас прокурор Қайрат Қожамжаров бас көлік прокуратурасына және облыс прокурорларына жолаушылар тасымалдау саласын тексеруді тапсырды.

"Жолаушыларды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау саласына жасалған талдау бұл салада жүйелі заң бұзушылықтар бар екенін көрсетті", — деп хабарлады бас прокуратура.

Ресми хабаралмада елімізде тасымалдау саласында техникалық тұрғыдан жарамсыз және заңсыз қайта жабдықталған автобустар қызмет көрсететіні жазылған, олардың рұқсат құжаттары жоқ және жол қозғалысы, жолаушыларды тасымалдау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамайды.
"Бұл азаматтардың өмірі мен денсаулығына орны толмас зардап қаупін тудырады – жолаушылар автокөліктеріндегі оқиғалар адам өліміне себеп болып отыр. Осыған байланысты, бас прокурор Қайрат Қожамжаров бас көлік прокуратурасына және облыс прокурорларына аталған салада тексерулер ұйымдастыруды тапсырды", — деп түйіндеді бас прокуратура. Аталған шаралар жолаушы тасымалдау талаптарын өрескел бұзатын тасымалдаушылардың жолын кесуді, сондай-ақ жолдардағы апаттар мен төтенше жағдайларды азайтуды көздейді. Естеріңізге сала кетейік, 2018  жылдың 18 қаңтарында Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының өртенуі салдарынан 52 адам қаза болып, 5 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.