Өскемендік ветеринарлар мен аңшылар №19 шағын ауданда рейд жүргізді. Себебі жергілікті тұрғындар бұл ауданда қасқыр жүргенін айтты.
Жақында ЖМК шетіндегі жаңа шағын аудандардың бірінде тұратын тұрғындар Көкжал Барақ көшесі жақта қасқыр жүр деген хабарлама таратты. Қала азаматтары желтоқсанда да қоқыс контейнерлерінің қасынан жыртқыштарды көргенін айтқан. Адамдар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайдыы, деп хабарлайды Өскемен қаласының Facebook-тегі ресми парақшасында.