"АрселорМиттал Теміртау" шахтерлерінің жалақысы өсті

"АрселорМиттал Теміртау" шахтерлерінің жалақысы өсті

"АрселорМиттал Теміртау" шахтерлерінің жалақысы өсті
ашық дереккөзі
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ жұмыскерлерінің жалақысы көтерілді. Компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада: "2017 жылдың 31 желтоқсанында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ және "Өркен" ЖШС тізімінде болған жұмыскерлердің жалақысы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап көбейеді. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаменті жерасты топтары мен "Өркен" ЖШС-на қарасты Атасу темір кені қызметкерлері үшін еңбекақы 30 пайызға артады, оған қоса жалақы ұжымдық келісімшартқа сәйкес 3,55% көлемінде индекстеледі (инфляциядан қорғайтын қаржы)", — деп жазылған. Мәліметке сәйкес, көмір департаменті, "Өркен" ЖШС және құрыш департаментінің жер үстінде жұмыс істейтін қызметкерлерінің жалақысы грейдингтік жүйеге сәйкес 30%-ға дейін өседі. Компания құрыш департаментінің қызметкерлері, көмір департаментінің жер үстінде жұмыс істейтін қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі 2018 жылдың 26 қаңтарына дейін қаралып, шешілетінін атап өтті.
Еске сала кетейік, 11 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтерлері зейнет жасын төмендетуді және жалақыны өсіруді талап етіп, шахтадан шықпай қойған болатын. Ереуіл төрт-бес күнге созылды. Компания ереуілдеген шахтерлермен келіссөздер тек жер бетінде жүргізілетінін мәлімдеді. 14 желтоқсанда Шахтинск соты ереуілді тоқтатып, шахтерлерді жер астынан шығуға міндеттеді. 15 қаңтар күні барлық шахтер жер бетіне шығып, келіссөз жүргізілді.