ЖаңалықтарЖаһан

Финляндияның алғашқы коммерциялық спутнигі ғарышқа аттанды

Финляндияда құрастырылған алғашқы коммерциялық спутник Үндістанның оңтүстік-шығысындағы Сатиш Дхаван атындағы ғарыш айлағынан ұшырылды. Бұл туралы  Yle-ге сілтеме жасап Азертадж агенттігі хабарлады. 

Спутникті құрастырған Iceye компаниясының қаржы директоры Пекка Лауриланың сөзіне қарағанда, жоспар бойынша биыл тағы екі осындай ғарыш аппараты орбитаға шығарылады. «Содан кейін ондаған спутниктермен нағыз коммерциялық қызметті жүргіземіз», – дейді Пекка Лаурила.

Массасы жетпіс килограмм келетін радиолокациялық спутник деректерді Жерге ауа райынан және тәулік уақытынан тәуелсіз түрде жеткізе алады. Оның сигналдарына ең алдымен кеме қатынасы саласы қажеттілік сезініп отыр.

Былтыр сәуір айында АҚШ-тан Aalto-2 алғашқы шағын спутнигін ұшырған Финляндия ғарыштық державаға айналды. 2018 жылғы 12 қаңтарда ел президенті Саули Нийнисте ғарыш туралы Финляндия тарихындағы алғашқы заңға қол қойды.

 

Back to top button