"Астаналық мұғалім" мәртебесі енгізілуі мүмкін

"Астаналық мұғалім" мәртебесі енгізілуі мүмкін

"Астаналық мұғалім" мәртебесі енгізілуі мүмкін
ашық дереккөзі
ҚР білім және ғылым министрлігі "астаналық мұғалім" мәртебесін енгізуге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 
"Елордалық мұғалім мәртебесін енгізу мәселесін біз енді қарастырамыз. Жалпы білім және ғылым министрлігі мұғалім мамандығының беделін көтеру бағытында үнемі жұмыс жүргізетінін білесіздер. Бірақ елордалық мұғалімдердің мәртебесіне қатысты мәселе әзірге қаралған жоқ. Бұл бізге қаншалықты қажет, алдымен осыны еліміздің барлық педагогымен талқылап, анықтап алуымыз қажет. Бұл жұмыс әлі жүргізілген жоқ, сондықтан бір нәрсе айту ерте», — деді БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова. Ал білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мектептерде жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасын енгізу бұл мәселені шешуі мүмкін екенін айтты. "Бізде еңбекақыны төлеудің бірыңғай жүйесі енгізілген. Ол барлық қызметкерге ортақ және өңірлік ерекшеліктерді ескермейді. Жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасы бұл мәселені шешуі мүмкін. Себебі, сіздер білесіздер, Астанадағы мектептер оқушыларға лық толы. Біздің ойымызша, осы жүйе бірқатар мәселені, соның ішінде мұғалімдерді ынталандыру мәселесін де шешеді. Біз Астананы кездейсоқ таңдап отырған жоқпыз. Яғни мектептерде тиісті қаржыландыру енгізіледі, ал онда сыныптағы оқушылар саны мен мұғалімнің жүктемесін ескере отырып ынталандыру шаралары қарастырылған», — деді Асылова.