15 Қаңтар 2018, 15:55 472 0 Аймақ Анар ЛЕПЕСОВА

AirKZ: Енді ауа сапасын ұялы телефон арқылы бақылауға болады

 Қазақстандағы атмосфералық ауаның сапасына мониторинг жасайтын мобильдік қосымша іске қосылды. «Қазгидромет» жасап шығарған қосымшаны қосымша iOS және Android жүйелерінде қолжетімді. 

Қосымшаның көмегімен кез келген қолданушы Қазақстан аумағындағы атмосфералық ауаның сапасын бақылай алады. AirKZ арқылы 46 елдімекен және 84 экологиялық бекет бойынша ақпарат алуға болады.

Қолданушының өзіне қажет бекетті қолмен немесе қосымшадағы геолокациялық ақпарат арқылы автоматты түрде анықтау мүмкіндігі бар. Қосымша сіз таңдаған бекет маңындағы ауаны ластап тұрған концентрациялардың негізгі көрсеткіштерін жариялайды. Оның ішінде азот диоксиді, азот оксиді, PM10 өлшенген бөлшектері, PM2.5 бөлшектері, шаң, күкірт диоксиді, сутегі сульфиді және көміртегі моноксиді бар.

 

Соңғы жаңалықтар