Сараптамалық мекемелердің 56 қызметкеріне туберкулез жұққан

Сараптамалық мекемелердің 56 қызметкеріне туберкулез жұққан

Сараптамалық мекемелердің 56 қызметкеріне туберкулез жұққан
ашық дереккөзі
Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдіров жұмыс орнында ауру жұқтырған дәрігерлер жайында айтып берді, хабарлайды ҚазАқпарат. «Соңғы бес жылда сараптамалық мекемелердегі жұмыс орнында 56 дәрігер, медбике мен санитар туберкулезбен ауырып қалды. Сонымен қатар вирустық гепатиттің түрлі формаларына 26 қызметкер шалдықты. Ауру жұқтырудың осындай жағдайлары тек Маңғыстау, Қарағанды және Ақмола облыстарында ғана тіркелмеді. Негізі қауіпті аруды жұқтырудан ешкім де сақтандырылмаған. Сонымен бірге, сот медицинасы мен сот сараптамасы орталықтарын біріктіру кезінде мәйітпен немесе қауіпті дертті жұқтырған адамдармен жұмыс істегені үшін сот медицина қызметкеріне үстеме төлеу жойылған», - деді депутат Мәжілістегі Үкімет сағатында. Оның сөзіне қарағанда, бұл саладағы жалақының төмен болуы сарапшы жұмысына келетіндердің санын азайтады. «Бүгінде жиырма жыл еңбек өтілі бар жоғары білікті сот сарапшыларының айлығы 120 - 150 мың теңге көлемінде. Оларға жүктелген жоғары жауапкершілікпен қатар, түрлі ауруларды жұқтырып алу тәуекелі де бар», - деді Н. Әбдіров. Бұдан бұрын хабарланғандай, сот сараптамасы кадрларына еңбекақы төлеудің жаңа моделі туралы мәлім болды.