1009
Сәбидің туу туралы куәлігін ұялы телефонның көмегіне алуға болады
Сәбидің туу туралы куәлігін ұялы телефонның көмегіне алуға болады
Биылдан бастап жаңа босанған аналар сәбиінің туу туралы куәлігін ұялы телефонның көмегімен-ақ ала алады, деп хабарлайды 24.kz.
Сонымен қатар балабақша кезегіне тіркелу, бір реттік жәрдемақы алу мәселесін де SMS хабарлама арқылы шешеді. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясындағы бұл бастама еліміздің барлық өңірлерінде сынақ түрінде жүзеге аса бастады.
Енді бала өмірге келісімен, оның ата-анасына SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу ұсынысы жасалады.
Қызылордада проактивті қызмет түрін алғаш пайдаланған аналарды халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары құттықтап, туу туралы куәліктерін тапсырды. Осылайша перзентханадан шықпай-ақ, бір өтінішпен 4 мемлекеттік қызмет түрін пайдалану тәсілін насихаттау шаралары жүруде.
"Елбасының соңғы халыққа арнаған Жолдауында да «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына аса мән берілді. Жыл басынан бастап осы қызмет біздің пилоттық жобада Қазақстанның барлық өңірлерінде іске қосылды. Біздің Қызылорда өңірінде қазіргі таңда SMS хаттар барлық босанған аналарға келіп жатыр. Бүгінгі таңда өздеріңіз көріп отырғандай, SMS-ке дұрыс, толық жауап берген аналарға туу туралы куәлігін табыстап жатырмыз. Жаңақорған, Шиелі, Қазалы, Арал аудандарының бәрінде бұл бағытта жұмыстар өз деңгейінде жүргізіліп жатыр" дейді Қызылорда облысы бойынша ХҚКО директоры Айнұр Тобаева.