344
Boxingnews24.com: Головкиннің Канеломен кездесуден бас тартқаны жөн
Boxingnews24.com: Головкиннің Канеломен кездесуден бас тартқаны жөн
Boxingnews24.com журналисі Шон Джонс қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) командалары арасындағы келіссөздерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.
Шон Джонстың пікірінше, бұл жекпе-жек өткен күннің өзінде „Канелоның“ айтқаны болады. Ол көп ақша алады.
"Егер олар кездесуді кейінге қалдырып, бірі басқа боксшыдан жеңіліп қалатын болса, бұл жекпе-жек ешқашан өтпеуі де мүмкін. Сонымен қатар, келісімшартта Головкин үшін реванш өткізу мүмкіндігі қарастырылмайды. Ол ұтылған белбеулерін қайтара алмайды. „Канело“ Головкинмен үшінші рет кездескенше, қомақты ақша әкелетін басқа біреумен жұдырықтасады", — дейді автор.
"Қарсыластың командасы тиімсіз шарт ұсынса, кейде Головкин секілді боксшыларға одан әрі жылжу керек. Мұндай кезде басқа бағытты таңдаған жөн. WBO чемпионы Сондерс егер „Канеломен“ реванш 5 мамырда өтпейтін болса, Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты. Головкин онымен кездесіп, жеңіске жетсе, 160 фунт салмақтағы төрт белбеуді де иеленеді. Қазіргі таңда „Канело“ — GGG реваншы өте ме, жоқ па, белгісіз", — деп жазды ол.