490
Анасының салғырттығынан зағип болған 1 жасар сәби бөбектер үйіне берілді
Анасының салғырттығынан зағип болған 1 жасар сәби бөбектер үйіне берілді
Ақтөбеде бір жасар сәби анасының салғырттығынан соқыр болып қалды. Баласының тағдырына бей-жай қараған 29 жастағы келіншек аналық құқығынан айырылды. Ал, зағип бүлдіршін бөбектер үйіне берілген. Үлкен үш баласы кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығында тұрып жатыр. Туа сала тағдыр тауқыметін тартқан сәбидің жағдайын Жақсыбек Кемал көріп келді, деп хабарлайды Астана арнасы.
Полицейлердің сөзінше, үнемі спиртті ішімдік ішуден аузы босамайтын анасы бала тәрбиесімен айналыспаған. “Сәбиінің денсаулығына зақым келтірді” деген күдікке ілінген әйелге қатысты қылмыстық іс те қозғалған. Мас күйінде баланың көзіне дәрі емес, басқа бір сұйықтықты құйып жіберген болуы мүмкін деген болжам жасалыпты. Дегенмен, сараптама нәтижесі сәбидің көзі аурудың асқынуы салдарынан көрмей қалғанын көрсеткен.
“Бұл дерекке қатысты сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижесі бойынша баланың көзі көрмеуіне әйелдің қатысы жоғы анықталды. Қазіргі таңда қылмыстық іс тоқтатылды. Қазір бір жастағы Александр сәбилер үйінің қамқорлығында. Мамандар: «Оның жағдайы бірқалыпты, дамуында тежеліс жоқ», – дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.