IT мамандарына тапшылық сезілуде

IT мамандарына тапшылық сезілуде

IT мамандарына тапшылық сезілуде
ашық дереккөзі
424
 
Қазір цифровизация әркімнің аузында, тіпті талап күшейді. Бірақ осы цифровизацияны жүзеге асыруы тиіс ірі компаниялардың мамандары жоқ, IT мамандарды жылдап күтеді. Cонда олар қайда?
Білімі барлар шет елге кетті, ал елдегі IT мамандықта оқитын студенттердің 30%-ы өз мамандығы бойынша жұмысқа тұрмайды, ал жұмысқа орналасқандарының үлесі - 8%. Aviata.kz компаниясының даму жөніндегі директоры Алексей Лидің айтуынша, IT мамандар тапшы, барлары заманауи инструменттерді меңгермеген, практикалық тәжірибесі іс жүзінде қажетсіз. Қазір Kolesa.kz Market.kz Krisha.kz сияқты алпауыттар да маман тапшылығын тартып отыр.
 
Биыл OpenIT жобасы мамандарды оқытып, арнайы стипендия тағайындап отыр. Kcell компаниясының ұйымдастыруымен 28-желтоқсаннан бастап Казахстанско-Британский технический университет, Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, КазНТУ им. К. Сатпаева, ХАТУ, СДУ университеттерінде қабылдау басталған.
 
Веб-технологиялар негіздері бойынша базалық білімі бар кез келген студент openit.kz сайтына өтініші бере алады.
"Цифрлау процесі қазірдің өзінде елімізде өмірдің барлық саласын қамтып отыр. Интернет дүкендер күн сайын артып келеді. Бұл ретте қазақстандық нарықта жоғары білікті веб-бағдарламашыларға үлкен сұраныс бар және тапшылық байқалады. CAMP жобасы бұл мәселені шешуге бағытталып отыр. Сонымен бірге әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттерге ең үздік оқытушы мамандардан тәжірибе алуға және еңбек нарығында сұранысқа ие болуға мүмкіндік беру айрықша маңызды", - деді Кселл АҚ коммуникациялар бөлімінің жетекшісі Наталья Еськова.

Серіктес жаңалықтары