Алматы облысында 600-ге жуық отбасы баспанасыз қалуы мүмкін

Алматы облысында 600-ге жуық отбасы баспанасыз қалуы мүмкін

Алматы облысында 600-ге жуық отбасы баспанасыз қалуы мүмкін
ашық дереккөзі

Алматы облысы Қуат ауылының тұрғындары баспаналарынан айырылып қалуы мүмкін. Себебі әкімдіктегілер құрылыстың заңсыз жүргізілгенінен күдіктенеді, деп хабарлады КТК арнасы.

Осыдан 12 жыл бұрын бір фирма заңды түрде құқық алып, жер учаскелерін заңсыз сата бастаған. Тұрғындарға инфрақұрылым қалыпқа келеді, балабақша мен мектептер, сондай-ақ, автокөлік трассасы салынады деп уәде етілді.
“Мемлекет бұл актілерді рәсімдеп берді. Енді оның бәрі заңсыз деп танылып отыр. Әрине, біз уайымдаймыз. Шындықты қайдан іздейміз?” – дейді ауыл тұрғыны Ирина Калинюк. Шенеуніктердің айтуынша, тұрғындар егін егетін жерге үй салып тастаған.
“Құжаттар дайын, Жер кодексін негізге ала отырып, сотқа арыздандық. Іле аудан әкімдігінің 63 гектар жерді бөліп беруін заңсыз деп тануды сұрап отырмыз. Сондай-ақ, осы бұйрықты негізге ала отырып, шығарылған өзге бұйрықтардың шешімін жоққа шығаруды сұрап отырмыз”, – дейді Алматы облысы жер ресурстарын бақылау басқармасының бөлім басшысы Асылхан Байшоранов.
Ал әзірге ауыл тұрғындары мүлікті растайтын құжаттарды әзірлеп, сотқа дайындалып жатыр. Өз құқықтарын қорғау үшін тұрғындар комитет құрып, арнайы заңгер жалдамақ ниетте.