Ақтөбеде автобустарға камера орнатылды

Ақтөбеде автобустарға камера орнатылды

Ақтөбеде автобустарға камера орнатылды
ашық дереккөзі
Ақтөбеде сыйымдылығы жоғары 40 автобусқа арнайы камера орнатылды, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, бейнебақылау камералары қылмысты ашуға көмектеседі. Әр қоғамдық көлікте 3 камера бар. Биыл сатып алынатын 80 қоғамдық көлік те бейнебақылау жүйесіне қосылады. Жолаушылар тасымалымен айналысатын компания өкілдерінің айтуынша, бейнекамера қалта ұрлығының алдын алып, қылмыскерді ұстауға септігін тигізеді. Былтыр қалада 373 қалта ұрлығы тіркелсе, оның басым бөлігі автобуста жасалған қылмыс. Көбінде әмиян мен ұялы телефондар қолды болады. Одан бөлек «ақылды қала» жобасы аясында электронды билет жүйесін енгізу үшін бейнебақылау қажет. Мамандар камера арқылы жолаушылар легін бақылап, қоғамдық көліктерде орын алатын проблемаларды анықтайтынын айтып отыр. «Ол камера түсірілгеннен кейін, жүргізушінің алдында монитор бар, сол монитордан қарап отырады. Жолаушының түсіп, мінгенін бақылап отырады. Біздерге «телефон ұрланды» деп, бір жолаушы хабарласты. Сол телефон бойынша біз видеоны көрсеттік. Ол полицияға хабарласты. Енді сол кісі полиция келгеннен кейін, сол түсірілімді көрсетеміз», – дейді тасымалдаушы компания өкілі Батырбек Қуантханов.