«Алтын глобус» иегерлері анықталды

«Алтын глобус» иегерлері анықталды

«Алтын глобус» иегерлері анықталды
ашық дереккөзі
Лос-Анджелесте «Алтын глобус» киносыйлығының биылғы иегерлері марапатталды. Осымен жетпіс бесінші рет ұйымдастырылған шарада ең үздік драмалық туынды ретінде Мартин Макдонахтың «Миссури, Эб-бинг шекарасындағы үш жарнама тақтайшасы» фильмі танылды. Ал «Ең үздік актриса» сыйлығы осы фильмде қызының қазасын тергеуді қалаған Фрэнсис Макдормандқа бұйырды. «Драма жанрындағы үздік актер» марапатын «Қиын кезең» туындысында Уинстон Черчильді сомдаған Гари Олд-ман алды. «Ең үздік режиссер» номинациясы бойынша «Судың пішіні» фильмі үшін Гильермо дель Торо марапатталды. Ал биыл неміс режиссері Фатих Акиннің лаңкестік тақырыбындағы фильмі «Шет тіліндегі ең үздік фильм» атағына ие болды. Айта кетейік, «Алтын глобус» киносыйлығы 1944 жылы алғаш рет тағайындалған. 25 номинация бойынша анықталатын кіл мықтыларды Голливудтағы жүзге тарта шетелдік журналист дауыс беру арқылы анықтайды.