ҚР ІІМ лауазымды қызметкерлері 30 мың доллар пара алып жатқан кезде ұсталды

ҚР ІІМ лауазымды қызметкерлері 30 мың доллар пара алып жатқан кезде ұсталды

ҚР ІІМ лауазымды қызметкерлері 30 мың доллар пара алып жатқан кезде ұсталды
ашық дереккөзі
ҚР ІІМ лауазымды қызметкерлері 30 мың доллар пара алып жатқан кезде ұсталды. Алматыда ІІМ-нің полиция подполковнигі мен аға тергеушісі 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің ресми өкілі Нұрлан Жахиннің айтуынша, полицейлер 3 қаңтар күні ұсталған.  «Алматы қаласында ҚР Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік аймақтық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының подполковнигі А. Григорьев пен ҚР ІІМ Тергеу департаментінің аға тергеушісі, капитан А.Нұрболатов жеке тұлғадан оны қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан кезінде ұсталды», - делінген хабарламада. Күдіктілер Алматы қаласы ІІД Уақытша тергеу изоляторына қамалды.