Ақтаудағы перинаталды орталықта 1 жылда 41 егіз дүниеге келген

Ақтаудағы перинаталды орталықта 1 жылда 41 егіз дүниеге келген

Ақтаудағы перинаталды орталықта 1 жылда 41 егіз дүниеге келген
ашық дереккөзі
Былтырғы жылы Ақтаудағы перинаталды орталық егіздердің көп тууы бойынша рекорд жасады, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, перзентханада бір жылда 41 егіз дүниеге келген. Бұл орталық ашылғалы бері 9 жылда жеткен ең жоғары көрсеткіш. 82 нәрестенің 56-сы қыз , 26-сы ұл. Дәрігерлердің айтуынша, қалада жыл өткен сайын егіздердің саны артып келеді. Мәселен, осыдан 3 жыл бұрын шаһарда тек 10 егіз туылса, өткен жылы бұл  көрсеткіш 4 есеге өскен. Жетістігі өзге медициналық мекемелерден көш ілгері болған Ақтау қалалық перинаталдық орталығы «Жылдың үздік ауруханасы» атанды. «Ол деген біздің ұжымның еңбегі, күні-түні осы жерде көмек көрсету барысында болған. Былтырғы, алдыңғы жылдары біз көбнесе дәрігерлердің квалификациясын жоғарылату бойынша оқу өткіздік. Ол деген Қазақстанның жоғары оқу орындарына барып оқыды және шет елге де барып оқыды біздің дәрігерлеріміз. Биыл біз орта буынды қызметкерлерді оқытуға жоспар құрдық», – дейді Ақтау қалалық перинаталды орталықтың директоры Ғалия Махимова.