215
Түрмеге жіберілген етіктен есірткі табылды
Түрмеге жіберілген етіктен есірткі табылды
Алматы облысында түрмеде отырған адамға жіберілген аяқ киімнің ұлтарағының астына есірткі жасырылған. Бұл туралы ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Алматы облысындағы Заречный кентінде орналасқан ЛА-155/4 түзету мекемесінің қызметкерлері сотталушыға жіберілген сәлемдемені тексеру барысында, қысқы кроссовканың ұлтарағының астынан целлофанға оралған белгісіз зат тауып алды. Арнай сараптама табылған заттың салмағы 65 грамм гашиш екендігін анықтады», - деп жазылған ведомство хабарламасында. Аталған іс бойынша тексеру жұмыстары басталып кетті.
Осыған ұқсас оқиға Павлодар облысында да тіркеліп отыр. «Павлодардағы тергеу изоляторының сәлемдеме тапсыру бөлмесінде қала тұрғыны қолға түсті. Оның қамауда отырған адамға тапсырған заттарын тексеру барысында тосаптан босаған пластмасса ыдыстан марихуана табылды. Арнайы сараптама табылған ораманың есірткі екендігін анықтады», - деп хабарлайды ҚАЖ.