Алматыда медиа-тренерлерге арналған тренинг өтті

Алматыда медиа-тренерлерге арналған тренинг өтті

Алматыда медиа-тренерлерге арналған тренинг өтті
ашық дереккөзі
380

Алматыда Internews Network пен ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының қолдауымен “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен тренерлерге арналған тұңғыш қазақ тіліндегі тренинг өз мәресіне жетті. Тренингке Қазақстанның әр түкпірінен арнайы конкурс арқылы таңдалып алынған 12 медиатренер қатысты. Айта кету керек, бұндай тренингтер қазақ тілінде бұдан бұрын өткізілмеген еді.

20150531_164758Тренерлерге арналған тренингті “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының медиа тренерлері Есенгүл Кәпқызы мен Асхат Еркімбай жүргізді. Тренингтің алғашқы күні тренинг туралы түсінік, тренингтік әдіс-тәсілдер мен жаттығуларды қолдануға көбірек бағытталса, екінші күні тренингтің дизайны мен алгоритмін құру, бағдарламасын жасау, жалпы методологиясын түсінуге арналды. Ал үшінші күні тренерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, болашақтағы жобаларымен және тренерлік әдістерімен бөлісті.

20150529_095901– Бұл қазақ тілінде өткізіліп отырған тұңғыш тренинг. Сол себептен де шығар, біздің алдымызда үлгі етер тəжірибелер болмады, сондықтан бізге оның методологиясын жасау қиын болды.Қатысушылардың 50 пайызы өңірлерден келіп отыр олар тренинг жүргізудің алғашқы мағлұматтарын үйреніп тренинг өткізуге машықтана алды деп ойлаймын, – дейді “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы.

20150529_100158 20150529_102627 20150529_100531 20150529_102610– Тренинг дегеніміздің өзі дағды мен машықтарды игеру дегенді білдіреді. Тренинг барысында біз өзара тәжірибе бөлісуге көбірек көңіл бөлдік. Нәтижесінде әрбір қатысушы тренингтің дизайнын жасау және жоспарлауды түсінді әрі қолдарында дайын 12 бағдарламасы болды. Меніңше, бұл тренинг бұндай шаралардың әлі де  қажет екендігін көрсетіп берді. Алда әлі де көп жұмыс күтіп тұр, –  дейді медиа тренер, “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының “Жаңа медианы зерттеу тобының” жетекшісі Асхат Еркімбай.

– Ешбір тренингтерде дәл осылай терлеп тепшіп, миды аударып-төңкеріп отырмаған болармыз. Екі күн бойы алған ақпаратымыз аз емес. Асхат пен Есенгүл апай бүге шегесіне дейін түсіндіруде. Ешнәрсе тыс қалған жоқ деп ойлаймын. Үшінші күн қатысушыларға тиесілі. Бір жолда бірден он екі адамның тәжірибесімен бөлісемін деп ойламаппын. Маған сондай пайдалы болды, – дейді шымкенттік медиатренер Раушан Мақым. 

– “Интерньюс” ұйымдастырып жатқан ТоТ тренингі мен үшін аса пайдалы болды дер едім. Күнде көріп жүрген Есенгүл апайымыз бен Асхат Еркімбайдың тренингі, расымен де, берері мол, кәсіби жағынан пайдалы дүние болды. Өзімнен өзге 11 қатысушының әрқайсысынан әлдене үйрендім. Әрқайсысына қызықтым. Бірінен еркіндікті, бірінен кіршіксіз тазалықты, енді бірінен ашықтықты дегендей. Кәсіби машықтар өз алдына, – дейді алматылық медиатренер Жұлдыз Әбділда.

– Қазақ тілінде мұндай тренингтер өте аз өткізіледі. Тренинг әдіснамалық тұрғыдан да,  мазмұн жағынан да өте жоғары деңгейде өтті,  — дейді алматылық медиатренер, www.gonzo.kz сайтының жетекшісі Бақытжан Бұқарбай.

"Түркістан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары