3 Қаңтар 2018, 19:50 237 0 Заң Анар ЛЕПЕСОВА

Интернет алаяқтары 500-ден астам астаналықты алдап соқты

500-ден астам астаналық интернет алаяқтарынан зардап шекті. Қаскөйлердің көбі Қазақстан мен Ресей және шекаралас республикалардың тұрғындары, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласының ІІД жоқ тауар мен өнімді сатумен айналысатын интернет алаяқтардың көбейгенін хабарлады. ІІД Криминалдық полиция басқармасының бөлім басшысы Талғат Бөлегеновтің айтуынша, алаяқтар жоспарын түрлі тауарды өте төмен бағамен ұсыну арқылы жүзеге асырады.

"Сатып алушы тауардың ақшасын 100% көлемде QIWI-әмиянға аударады. Ақша аударылымы жүзеге асырылған соң сатушы ақшамен қоса жоқ болып кетеді. Әрі әлеуметтік желідегі аккаунтты өшіріп тастайды", - дейді Бөлегенов. Тәртіп сақшыларының айтуынша алаяқтар тіркеу үшін жеке басын куәландыратын құжат қажет етпейтіндіктен QIWI-әмиянды пайдаланады. Бұл тәртіп сақшыларының жұмысын қиындатып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар