Ерекше шыршалар сынға түсті

Ерекше шыршалар сынға түсті

Ерекше шыршалар сынға түсті
ашық дереккөзі
449
Қарағандыда креативті шыршалар фестивалі өтті. Оған қаладағы 20-ға жуық мекеме қатысып, өз туындыларын жұртшылық назарына ұсынды, деп хабарлайды 24.kz.  Адамның қиялында шек бар ма?! Барлығы бірінен бірі өтеді. Мәселен, теміржол мекемесі шойын жолдан шырша жасаса, энергетиктер жоғарғы кернеулі бағандарды қарағайға айналдырған. Ал коммуналдық мекеме қызметкерлері пластик шөлмектерден шырша тұрғызыпты. Сондай-ақ жоғары оқу орындары жаңажылдық ағашты кітаптан қалап шыққан. «Шахтер» стадионының туындысы тіптен қызық. Спорттың бірнеше түрін бір шыршаға тоғыстырыпты. Әділ қазылар алқасы барлық туындыны мұқият қарап шықты. Жеңімпаздар бүгін анықталады. Ал қала тұрғындары мен қонақтары ерекше шыршаларды мереке аяқталғанша тамашалай алады. "Университет, оқу мекемесі болғаннан кейін барлық кітаптан шырша жасадық. 12 факультеттен тұрамыз, соны іргетасы ретінде қойып, осындай шырша дизайнын жасап шығардық", -дейді Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы  Ғалым Кенжебеков.  

Серіктес жаңалықтары