Алматы саудагерлерінен 2,5 тонна пиротехникалық өнім тәркіленді
 
								
                                                                                                Алматы саудагерлерінен 2,5 тонна пиротехникалық өнім тәркіленді
                                                                                                                                Алматы полициясы қаладағы сауда орындарында «Пиротехника» профилактикалық шарасын өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат . 
7 күн ішінде 6 сатушыға 350 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. «Дүкендер мен сауда орындарында пиротехникалық өнімдерді арнайы кеңесші сатуы тиіс. Осындай өнімдерді сақтау мен сатуда ереже талаптарын бұзған 6 саудагерге қатысты ҚР ӘқК 196-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Заңсыз айналымнан 2 тонна 538 келі өнім алынды. Сатушылардың әрқайсысына 55 774 теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді қалалық ІІД әкімшілік полициясының басқарма басшысы  Жандос Мұратәлиев.
 
                                                                                    
                        
                        
                     
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        