Тәжікстанда "Салафизм" идеясын жақтағандар сотталды

Тәжікстанда "Салафизм" идеясын жақтағандар сотталды

Тәжікстанда "Салафизм" идеясын жақтағандар сотталды
ашық дереккөзі
Тәжікстанда "Салафизм" идеясын жақтағандар сотталды. Худжандта «Салафия» қозғалысының үш жақтаушысы 5 жылға сотталды. Олар экстремистік ұйымдарға мүшелік етті деп айыпталды. Салафизм идеасын жақтамай, бірақ мешіттерде басқаша намазға жығылған адамдар туралы құқық қорғау органдарына мәлімет бермегені үшін тағы үш адам 6 айға абақтыға жабылды. Сотталғандардың діни білім аз болған, олар “Салафия” қозғалысына интернет арқылы кірген. Олардың бірі әлеуметтік желілерде “Юганск муфтиі” деген лақап атппен белгілі болған. Тергеу мәліметіне қарағанда, сотталғандардың бірі 37 жастағы Мұхиддин Мирзоев өзгелерді тыйым салынған ұйым қатарына тартқан. Салафизм идеасына 2011 жылы Сауд Арабияда жұмыс істеген ағасыменен WhatsApp месенджері арқылы тартылған. Тәжікстанда Жоғарғы сот “Салафия” ұйымын 2009 жылы экстремистік деп тауып, қызметіне тыйым салған.