Елордада дәстүрлі түрде еліміздің бас шыршасын жағу рәсімі өтті. Биыл бас шырша ЭКСПО көрмесінің аумағында «Нұр Әлем» маңына орнатылған.
Жаңа жылдық шырша 200 мыңнан астам жарқылдаған шам және 6 мың шармен безендірілген. Шыршаның биіктгі 25 метрді құрайды.
Сонымен қатар, мерекелік кеш қонақтары отшашу мен концерттік бағдарламаны тамашалады. Концертке еліміздің артистері қатысты.
Шыршаны жағу рәсімімен қоса, ЭКСПО қалашықта еліміздегі ең ірі мұз қалашығының ашылу салтанаты өтті.
Астана мәдениет басқармасының мәліметінше, мұз қалашығында биіктігі 5 метр, ені 40 метр болатын сырғанақ тебуге арналған екі төбешік және кішірек екі төбешік тұрғызылыпты.