342
Астанада жаһан қауіпсіздігі мәселесі талқылануда
Астанада жаһан қауіпсіздігі мәселесі талқылануда
Астанада жаһан қауіпсіздігі мәселесі талқыланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар» телеарнасы сілтеме жасап. Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, жаһан және өңірлік қауіпсіздіктің жарқын үлгісін көрсетті. Тәуелсіздік күнін атап өту аясында ел ғалымдары халықаралық жиын өткізіп жатыр. Онда Елбасының жаһан қауіпсіздігіне қосқан үлесі талқылануда.
Бұл бейбіт бастама өзге елдерге үлгі болмақ. Жиынға отандық және шетелдік саясаткерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысуда. «Бейбітшілік және келісім сарайында бейбіт бастаманың бабы жанды. Мұнда Нобель сыйлығының иегерлері мен шетелдік ғалымдар ғаламат жиынның ғаламға тигізер пайдасы мол екендігін айтып жатыр. Яғни соғыссыз әлем құруда Қазақстанның қадамы нық әрі сенімді. Елімізде орнаған бақ-береке - осының айғағы», деп мәлім етті телерна тілшісі. Бүгінгі конференцияда талқыланған тақырып та кеңінен тарқатылмақ. «Бүгінгі жиын Қазақстанның дүниежүзілік қауіпсіздігіне қосып отырған үлесі туралы айтып жатыр. Әсіресе біздің Елбасымыздың осыған қосқан үлкен үлесі жайлы. Бұл Тәуелсіздік күні аясында ұйымдастырылып отыр. Біз 2018 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етеміз. Шетел ғалымдарының айтуынша, олар біздің елдің Президентіндей көшбасшыны бірінші рет көріп отыр екен. Біз - атом ядросынан көп зардап шеккен қазақпыз. Бұл да айтылды. Ғалымдар Президенттің жүргізіп жатқан саясатын қолдайды. Бұл конференция - соның айқын көрінісі», - деді Орталық Азия университетінің ректоры Жұматай Әлиев.