Чилидің жаңа президенті кім?

Чилидің жаңа президенті кім?

Чилидің жаңа президенті кім?
ашық дереккөзі
Чилиде өткен президент сайлауында миллиардер Себастьян Пиньер жеңіске жетті, деп хабарлайды Telegraph. Елдің орталық сайлау комиссиясы таратқан мәліметке қарағанда, 99,62% дауыстың 54,57%-і Пиньерге, ал қалған 45,43% дауыс сенатор-оңшыл Алехандро Гильиерге берілген. «Мен қарсыласым Себастьян Пиньерді жеңісімен құттықтап қоңырау соқтым», - деді Гильиер Сантьягода өткен баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ, Чилидің қазіргі президенті Мишель Бачелетте де Пиньерді жеңісімен құттықтады. Айта кетсек, Себастьян Пиньер Чилиді 2018 жылдан 2022 жылға дейін басқаратын болады.