"Еуразия барысы" анықталды

"Еуразия барысы" анықталды

"Еуразия барысы" анықталды
ашық дереккөзі
Almaty Arena спорт кешенінде қазақ күресінен «Еуразия Барысы» әлем Кубогы өтті. Жарыс қорытындысы бойынша, бірінші орынды Қазақстан ұлттық құрамасы жеңіп алды. Ақтық бәсекеде Алматы командасымен шыққан палуандар 4:4 есебімен тең түсіп, ұпай санымен жеңіске жетті. Ал, үшінші орынға Өзбекстан құрамасы ие болды. - Бізге сәттілік жетіспеді. Ақтық сында ұлттық құрамамен шығып, тең түстік. Әдістің жасалуы, таза жеңістіі нәтижелерімен ұпай бойынша бірінші орынды олар ұтты. Жалпы өзіміздің спортшыларға ризамын. Барлық қарсыластарымыз мықты болды. Енді алдағы жарыстарға дайындаламыз, – деді Алматы қлубының жаттықтырушысы Бауыржан Тәліп. Биыл боз кілем бәсекесіне 8 мемлекеттен келген палуандар өзара мықтыны анықтады. Ал, турнирге Бразилия, Жапония және Камерун елдері тұңғыш рет қатысты. Айта кетер жайт, бұған дейін халықаралық турнир ретінде өткен жарыс осымен бесінші рет ұйымдастырылды. Үш жыл Тараз қаласында өткен «Еуразия Барысы» биыл екінші рет оңтүстік астананың Almaty Arena спорт кешенінде жалауын желбіретті. Қазақстан құрамасы турнирде осымен төртінші рет топ жарса, тек 2014 жылы ғана Моңғолия құрамасы қарсылас шақ келтірмеді. Биылғы жылдын жүлде қоры 20 млн. теңгені құрады. Бірінші орын үшін қатысушылар – 10 млн, екінші орын – 6 млн және үшінші орын – 4 млн. теңгені ұтып алды. Палуандарды Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, «Қазақстан Барысы» жобасының автооы Арман Шораев және тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров марапаттады.