Бақұл бол, қазақтың Төлегені!

Бақұл бол, қазақтың Төлегені!

Бақұл бол, қазақтың Төлегені!
ашық дереккөзі
416
Қазақстанның Халық артисі, Қазақстан Лениндік комсомолы сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Парасат» орденінің иегері Құман Тастанбеков пәниден бақилыққа аттанды. Ол 1945 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген. 1969 жылы Қазақ Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваторияның театр факультетін бітірген. 1969 жылдан бастап М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының артисі болды. Сахнадағы негізгі рольдері: Ұлттық және әлемдік классика мен заманауи драматургияда – О. Бөкеевтің «Құлыным меніңдегі» Жан, «Вьетнам жұлдызындағы» Ұшқыш, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Тәңірберген, Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысында» Ақан, С. Мұқановтың «Шоқан Уәлихановында»  Шоқан, Т. Ахтановтың «Антында» Сауран, М. Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Әлібек, Т. Ахтановтың «Жоғалған досында» Естемесов, Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-анасында» Қасым,  «Ақ кемесінде» Құлбек,  Е. Домбаевтың «Біздің кластың қыздарында» Төлеген, Б. Мұқайдың «Өмірзаясында» Цезарь,  Ф. Эрвенің «Түлкі бикешінде» Флоридор, Н. Хикметтің «Фархад-Шырынында» Фархад,  Жұлдызшы, Еврипидтің «Медеясында» Ясон, т.б.  width= Театр репертуарында жүріп жатқан спектакльдерде – Шахимарденнің «Томирисінде» Балқаш, С. Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Омар, С. Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Жақыпбек, Т. Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» Жалғасбек, Б. Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпайында» Қария, М. Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясында Андрей, Г. Гауптманның «Ымырттағы махаббатында» Штейниц, Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» Монтекки, Д. Кобурнның (ауд. Е. Аманшаев) «Жынойнағында» Веллер Мартин (реж. Е.А маншаев, А. Кәкішева), А. Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеу» драмасында (ауд. Ә. Бөпежанова, реж. Р. Андриасян, А. Кәкішева) – Кулыгин т.б. Кинорольдері: Қ. Тастанбековтің кино өнері саласындағы еңбегі де елеулі.  Ол атақты «Қыз Жібек» фильміндегі (режиссер С. Қожықов, сценарий Ғ. Мүсірепов, редактор А. Сүлейменов, 1970 ж.) Төлеген ролімен жұлдызы бірден жанған актер. Бұдан кейін де көптеген фильмге – «Біздің Ғани»»  (1971),  «Қыс – суармалы кезең емес» (1972), «Мұнда аққулар ұшып келеді» (1973), «Аққулар жаңғырығы» (1974), «Қосымша сауалдар» (1978), «Ағамның қалыңдығы» (1979), «Провинциалды роман» (1981), «Қараша қаздар қайтқанда» (1981), «Өрнек» (1982), «Алаң жиегінде» (1982), «Кімсің сен, салт атты?» (1987),«Адам-жел» (2003), «Махамбет» (2008) т.б. түскен. Актердің әншілік өнері де бар. Ол бірнеше спектакльде ән орындады. Қазақстанның халық артисі (1993), КСРО Кинематографистер одағының мүшесі (1991), Қазақстан Лениндік комсомолы сыйлығы лауреаты (1976). «Құрмет» орденінің иегері (2008), ҚР Тәуелсіздік күніне орай Алмалы ауданының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық, саяси өміріне қосқан үлесі, жоғары кәсіби біліктігі мен азаматтық белсенділігі үшін марапатталды (2015), «Парасат» орденінің иегері (2016 ж).

Серіктес жаңалықтары