Шетелге шығатындар үшін «SmarttravelKZ» қосымшасы іске қосылды

Шетелге шығатындар үшін «SmarttravelKZ» қосымшасы іске қосылды

Шетелге шығатындар үшін «SmarttravelKZ» қосымшасы іске қосылды
ашық дереккөзі
Шетелге шығатын қазақстандықтар үшін «SmarttravelKZ» қосымшасы іске қосылды. ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелге шығатын қазақстандықтарға арналған "SmarttravelKZ" мобильдік қосымшасын іске қосты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталған жобаның басты мақсаты - шетелге шығатын Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ол үшін мобильді қосымшаға шет елдер туралы ақпарат, барған мемлекетте өзін ұстау нормалары, қауіпті жағдайда атқарылатын шаралар, төтенше жағдайлар кезіндегі ескертулер және тағы басқа маңызды мәліметтер енгізілген. Бұдан бөлек, қосымша пайдаланушылары өздері барған елдің санитарлық-эпидемиологиялық және қылмыстық жағдай туралы деректерді таба алады. Шетелге кіргізуге және одан шығаруға тыйым салынған заттар туралы ақпарат та бар. "Азаматтарға ыңғайлы болу үшін мобильдік қосымшада шет елдердегі сақтандыру, медициналық қызмет туралы кеңестер, пайдалы телефон нөмірлері, сондай-ақ, медициналық және адвокаттық мекемелер туралы ақпарат бар. Қосымша арқылы Қазақстан консулымен байланысқа шығып, онлайн режимде төтенше жағдайлар бойынша консулдық көмек алуға болады. Консулдарға дыбыстық xабарлама жіберуге, я болмаса, өзіңе қоңырау шалсын деп тапсырыс беруге болады. Электронды xабарлама жазу қызметі де қарастырылған", - деді консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мадиев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында. Оның айтуынша, аталған мобильді қосымша "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында даярланып отыр. Бүгінде бұндай қосымшаны дамыған мемлекеттердің бәрі қолданады. ҚР Сыртқы істер министрлігі мобильдік қосымшаның қолданысқа енгізілгені жайында барлық консулдарға xабар берді.